• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қараша, 2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

403 рет
көрсетілді

Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқармасының жаңа төрағасы Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлын таныстырды.

Ахметжан Есімов Сауат Мыңбаевтың бұған дейінгі қызмет орнындағы жақсы нәтижелерін ерекше атап өтті.

Бұған дейін С.Мыңбаев қаржы құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда еңбек етті. Әртүрлі жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының қаржы министрі, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрі, Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі, Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрі болды. 2013 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасы төрағасы қызметін атқарды.

Сондай-ақ бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жаңа басқарма төрағасы ретінде Айдарбаев Алик Серікұлын таныстырды. Бұған дейін ол «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Әртүрлі жылдары Алик Айдарбаев «Оңтүстікқазмұнайгаз» МАҚ, «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» компаниясының (кейін атауы «Торғай Петролиум» ЖАҚ деп өзгертілді), «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баcқарушылық лауазымдарды атқарды. 2011 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылға дайін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директоры болды. 2013-2017 жж. Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін - Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарды. 2018 жылдың 15 қаңтарынан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.