• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қараша, 2018

Атырауда қоғамдық көліктер паркі 15 жаңа автобуспен толықты

699 рет
көрсетілді

«Daewoo» маркасының жаңа автобусы Атырау қаласындағы «12» бағыты бойынша жолға шықты, деп хабарлайды Атырау қаласы  әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 22 қарашада 15 жаңа автобус «12» бағыты бойынша жолға шықты. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауидың айтуынша, облыс орталығы қоғамдық көлік тұжырымдамасын жүзеге асыруды жалғастыруда.

«Daewoo» маркалы жаңа автобустар 21 орындық  және тұрып тұруға 75 орынға арналған. Әрбір жаңа қоғамдық көлікте электронды билеттерді сату жүйесі енгізілді, сондай-ақ Gps-трекерлері,  нәтижесінде маршруттар арасындағы жылдамдықты және интервалды бақылауға болады.

- Егер бұрын «12» бағытында  10 автобус жүрсе, қазіргі кезде «Авангардтан» соңғы «Балықшы» аялдамасына дейін 15 автобус шығады.  Ескі автобустарды «2», «30» және «30а» бағыттарында жүретін болады.  Біз барлық 15 орталық автобустардың жаңартылуын жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жүргізушілер  жетіспеушілігі мәселесі шешілуде, бүгінгі таңда қалалық жұмыспен қамту орталығында жолаушылар көлігінің жүргізушілеріне деген сұраныс жалақының өсуінен кейін арта түсті, менің ойымша, жақын арада бұл мәселе шешімін табады,- дейді Мейірім Қалауи.

Айта кету керек, жаңа кадрлар жаңа қоғамдық көлікте жұмыс істеу үшін жұмысқа қабылданды, олар жұмыс сипаттамасына сәйкес оқытылды және сертификатталды.

- Жергілікті бюджеттен жаңа автобустар сатып алуға ешқандай қаражат бөлінген жоқ. Қоғамдық көлік «БРК-Лизинг» АҚ операторы  автобус паркін жаңартудың жаңа бағдарламасы бойынша сатып алынды. Болашақта Атырау АЭА Атырау облысының әкімдігімен бірлесе отырып  жаңарту бойынша жұмыстарды жалғастырамыз, деп мәлімдеді «Атырау» ӘКК »АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Тахауов.

Айта кетейік, Атырау қаласында «Атырау» ӘКК »АҚ қатысуымен облыстық әкімдіктің қолдауымен жергілікті тасымалдаушылармен бірге «Atyrau-Avtopark»,  жаңа автобус паркі құрылды, мұнда Семейден 120 автобус сатып алынған. 2018 жылдың соңына қарай Семейден қосымша 30 жаңа автобус, ал 2019 жылдың қаңтарында тағы 55 бірлік қоғамдық көлік келмек. Сондай-ақ 2019 жылы қосымша 200 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда.

Бір жыл бұрын Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атыраудағы қоғамдық көліктің жаңа тұжырымдамасын енгізу туралы жариялады. Жолаушылар тасымалы реформасы жаңа автобустар сатып алуды, қосымша бағыттарды дамытуды, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын жақсартуды қамтиды.