Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында облыс орталығында 272 бейнебақылау камерасы орнатылғанын айтады.
- Аталмыш құрылғылар қылмыстық оқиғалардың жедел ашылуына, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдына алуға және басқа да жұмыстарға оң септігін тигізіп отыр. Осының нәтижесінде Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен полицияның кешенді күштерін тиімді пайдалануға жол ашылды. Олардың осылайша жылдам қимылдауының нәтижесінде 2018 жылдың 10 айында барлығы 63 қылмыс ашылған, - дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев.
Полиция департаменті 2019 жылы 1400 дана бейнебақылау камерасын орнатуды жоспарлап отыр екен.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы