• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қараша, 2018

Павлодарда шахматшылар турнирі басталды

389 рет
көрсетілді

 

Бүгін Павлодарда шахматтан халықаралық турнир басталды. 2 желтоқсанға дейін созылатын айтулы жарыстың жүлде қоры 3 миллион теңгені құрап отыр.

Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, 13 мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге Ресей, Беларусь, Испания, Бельгия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Украина және Қазақстанның 100-ден аса ойыншылары бақ сынауда. Солардың арасында 12 гроссмейстер, 7 халықаралық шебер, 7 ФИДЕ шеберлері және 2 спорт шеберлігіне кандидаттар бар.

Жарыс ФИДЕ ережесіне сай швейцариялық жүйе бойынша өтеді. Ол 10 турдан тұрады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»