Бүгінде әлем бойынша бизнес саласының әлеуметтік салаға қолдау көрсету қадамдары барынша негізгі басымдықтар ретінде мемлекеттегі қолдауға зәру салаларды дамытуға бағытталған.
Осы орайда 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Тұрақты даму мақсаттарын қабылдады. Бұл мақсаттар кәсіпорындарды тұрақты даму мәселелерін шешуде шығармашылық әдістер мен инновацияларды қолдануға шақырады. Тұрақты даму мақсаттары бизнеске ең күрделі мәселелермен күресуге арналған шешімдер мен технологияларды әзірлеп енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғамның дамуына арналған жаһандық күн тәртібін қалыптастыра отырып, бизнесті ілгері жылжытуға мүмкіндік береді.
«Филип Моррис Қазақстан» компаниясында ұйымдастырылған Тұрақты даму күні аясында Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының хатшысы Роза Абилова бизнес және әлеуметтік саладағы ықпалдастық заманауи сипат алып келетіндігін жеткізді.
Бүгінде Іле ауданы облыс бойынша ірі салық түсіруші өңірдің бірі болып саналады. Қазынаға жылына түсетін салық көлемі 108 млрд теңгені құрайды. Оның 87 млрд теңгесі жалпы қазынаға түседі. Осының арқасында Іле ауданы маңындағы аймақтардың дамуына да қолайлы жағдайлар туып отыр. Салық төлемдерінің 90 пайызы «Филип Моррис Қазақстан» және JPI компанияларына тиесілі. Алматы облысы бойынша Іле ауданы бірінші болып компаниялармен өзара ықпалдастық келісім шартына қол қойды. Мемлекет басшысының копоративтік әлеуметтік жауапкершілікке орай тапсырмасына сәйкес «Филип Моррис Қазақстан» компаниясымен 2002 жылы әлеуметтік әріптестік келісім шартына қол қойылды. 16 жылға жуық ішінде Іле ауданы осы негізде 100-ден аса әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Ресми емес деректер бойынша, аудан халқы 250 мың адам дейтін болсақ, оның 20 пайызы әлеуметтік жобалардың қатысушы болып табылады. Бүгінде ауданда 250 кәсіпорын бар. Мұнда ауылшаруашылығы дақылдарын өндірумен қатар, медициналық бұйымдар шығаратын өндірістер де дамып келеді. Ал бизнеске қолайлы орта туғызуда «Даму» логистикалық орталығының, «Береке» индустриялық аймағының маңызы зор.
«Филип Моррис Интернэшнл» компаниясы Тұрақты даму жөніндегі директоры Мигель Колета аталған компанияның өндіріс пен темекі өнімдерінің қоршаған ортаға тиетін әсерін барынша төмендету бойынша халық тұтынатын тауарларды өндіретін компаниялар арасындағы көшбасшылардың бірі екендігін атай келе, қазіргі кезде жаңа технологиялық мүмкіндіктерге орай адам ағзасына зиянсыз өнімдер өндірудің дамып келе жатқандығын атап өтті.
Тұрақты даму күні аясында EY компаниясының Орта Азия, Кавказ, Украина мен Беларусь елдері бойынша тұрақты даму саласындағы қызметтер бөлімінің директоры Виктор Коваленко, Құқықтық саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры Татьяна Зинович Тұрақты даму мақсаттарының әлеуметтік саладағы үлесі мен ықпалы турасындағы даму жоспарларымен таныстырды. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде қоршаған ортаны, адам құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігі мәселелері, жауапкершілікпен жабдықтау қағидалары және планета ресурстарын сақтауға және теңдік пен әл-ауқатты қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мәселелер талқыланды. Адамзат денсаулығы, салауатты өмір салтын ұстану, тұтыну мен өндіріс, қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерді төмендетуге байланысты ауқымды жобалар туралы баяндалды. Өткен жылы фабрика дизель отынын табысты алмастырған орталықтандырылған табиғи газ желісіне қосылып, нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларын азайтуға қол жеткізілді. 2013 жылмен салыстырғанда көміртегі 43%-ға азайған. Қалдықтарды өңдеуде де айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіліп, фабрика қалдығының 88,6 пайызы қайта өңдеуге жіберілген.
Лайықты жұмыс пен экономикалық өсімде компания бағдарламалары адам мен еңбек құқықтарын сақтауға бағытталған. Ауылдық жерлерде тұратын халықтың білім алуын қолдау мен экономикалық өсуіне тиісті жағдайларды жасауға бағытталған әлеуметтік жобаларға айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Бұл мақсаттарға 2017 жылы компания 192 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Сондай-ақ компания өз қызметкерлерінің көптеген әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етеді. Компанияның корпоративтік волонтерлік жобалары ҰОС ардагерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетуге және экологияны қорғауға бағытталған. Тұрақты даму мақсаттары экономика және бизнестің дамуына кедергі жасайтын, осы мәселені шешу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес серіктестермен өзара ықпалдастықта жұмыс істеуді мақсат етеді.
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ