• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2012

Ширек финал қол бұлғайтындай

358 рет
көрсетілді

Ширек финал қол бұлғайтындай

Дүйсенбі күні Астананың «Барысы» бір коман­да­ның төрт жеңісіне дейін созылатын Құрлықтық хоккей лига­сының плей-офф бәсекесіндегі төртінші ойынында Магнито­гор­дың «Металлургін» тағы да 4:1 есе­бімен жеңіп, ширек фи­налға шығуға бір табан жақын­дай түсті. «Металлург» сияқты лиганың азулы командасымен болған төрт ойында үш рет же­ңіске жетіп, бір рет қана жеңілу – өте жақсы нәтиже.

Кездесуде салған беттен қо­нақтар тек жеңіс үшін ғана ай­дынға шыққандарын сездіре бас­тады. Бұл жеңіс оларға аса қажет еді. Алғашқы шайбаны соққандар да солар болды. Ой­ын­ның 11-минөтінде Якубовтан пас алған Марков Виталий Ере­меевтің қақпасынан саңлау таба білді. Содан кейін «Барыс» арада азғантай уақыт салып, қар­сыластар қақпасына лап қойды. Сөйтіп, манадан бері тасқамал болып тұрған фин қақпашысы Ари Ахоненмен бетпе-бет келген Бойд есепті теңестірді. Одан кейін «Барыстың» шабуылы арта түсті. Матчтың 29 ми­нөтінде Пушкарев магнитка­лық­­­тарға тағы бір шайбаны тоғытты.

Ал ойынның үшінші кезе­­ңінде Юнланд пен Даллмэн бір-бір шайбаның авторы атанды. Өзінің осы голынан кейін Далл­мэн қолындағы таяғын тастап, командаластарының құшағына кіріп кетті. Бұл «Барыстың» же­ңіске жеткенінің белгісі еді. Се­бебі, ойын аяқталуға аз-ақ уа­қыт қалған-тын.

Бүгін астаналық клуб сырт алаңда «Металлургпен» бесін­­­ші ойынын өткізеді. Андрей Шая­новтың шәкірттеріне плей-офф­­­­­­тың келесі кезеңіне өту үшін бір жеңіс керек. Қар­сы­лас­та­ры­­­­мыз үшін – үш жеңіс. «Метал­­лург­­­­­­тің» шебер команда екенін ес­кер­сек, алдан бәрін де күтуге болады. Сондықтан бәсеке тағ­­ды­­­­­ры шешіліп қойды деуге әлі ерте.

Дастан КЕНЖАЛИН.