• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қараша, 2018

Зәкірлік кооперативтер құрылады

349 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына жыл сайын 30 млрд теңге бөлінеді.

Осы айтулы бағдарлама аясында облыста 2010 жылдан бері құны 43 млрд теңге болатын 680 жоба қаржыландырылған. Үкіметтің субсидиялаудағы жеңілдіктерін ұтымды пайдаланған шағын кәсіпкерлердің алды бүгінде алып агрокешендерді іске қосып жатыр.

– Бүгінде облыс көлемінде 52 мың шағын, орта бизнес субъектілері бар. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 13 процентке көбейді. Ендігі мақсат – аудан орталықтарында зәкірлік кооперативтер құруға басымдық бермекпіз. Осылайша шағын, орта бизнесті дамытып, жұмыссыздықпен күрес жалғасады,-деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Бақытжан Намаев.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы