• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қараша, 2018

Қызылорда облысында оңалту орталығы ашылды

634 рет
көрсетілді

«Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы жұмыссыз жастарға бизнеспен айналысуға мүмкіндік туғызды.

Солардың бірі Сырдария ауданы, Айдарлы ауылының тұрғыны Өмірзақ Есболатов екі досымен бірігіп «Мүгедектерді оңалту» орталығын ашқан.

Жоба жеңімпазына 1 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз грант берілетіндігінен білетін жастар жұмыстарын сәтті қорғап, алғашқы транш 463 мың теңге алып, спорттың алаң жасады.

– Келешекте Айдарлыдан бөлек, Жетікөл, Аманкелді ауылдарын қамтитын, мүгедектерге арналған массаж орталығын ашсам деген жоспарым бар. Көп нәрседен шектеу көріп жүрген осы жандардың денсаулығының жөнделуіне, орнынан тік тұруына көмегім тисе деп армандаймын – дейді Өмірзақ Есболатов.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы