• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2012

Қазақ күресі

403 рет
көрсетілді

Қазақ күресі

ӨНЕГЕЛІ ІС ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕЙІК

Кеше Астанада қазақ кү­ресінен Елбасы – Ұлт көш­басшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың жүлдесі үшін «Қа­зақстан Бары­сы» респуб­ликалық турнирін ұйымдас­тыру­шы­лар биылғы өтетін жарыс туралы мәлімет берді.

Бұл турнир былтыр «КТК» телеарнасының бас директоры Арман Шораевтың бастамасы­мен елімізде тұңғыш рет өткен болатын. Сол кезде ол халық арасында үлкен қолдауға ие бо­лып, оған мыңдаған балуан қатысса, соның ішінен іріктелген ең таңдаулы 64 балуанның финалдық сайыс­та «Қазақстан Барысы» деген мәртебелі атақ үшін белдескені белгілі. Осы жарыста Алматы облысының тумасы болса да Қызылорда облысының атынан сынға түскен Ұлан Рысқұл же­ңімпаз атанып, бас жүлдеге ие болды. Содан бері осы турнирге қызығушылық артып, қазір оны жоғары деңгейде өткізу үшін жұмыстар жүргізілуде.

Бұл туралы кешегі кездесуде «Қазақстан Барысы» турнирін ұйымдастыру комитетінің мүше­лері жан-жақты айтып берді. Ал бұл комитеттің құрамына Спорт және дене шынықтыру істері агент­тігі төрағасының орынба­са­ры Елсияр Қанағатов, «КТК» телеарнасының бас директоры, «Қазақстан Барысы» қазақ күре­сін дамыту қоғамдық қоры қам­қор­шылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев, Дүниежүзілік қа­зақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев, Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпа­рат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалиянбеков, «Самұрық-Қазына-Астана» корпоративтік қорының ат­қа­ру­шы директоры Серік Жұма­ға­лиев кіріп отыр.

Кездесуде олар «Қазақстан Барысы» сияқты қазақ күресін дамытуға арналған ғаламат тур­нирдің мақсаты мен маңызы туралы айта келіп, осы жарысты өткізуге байланысты өз салалары бойынша істеліп жатқан жұ­мыс­­­тарымен бөлісті. Мәсе­лен, А.Шораевтың айтуынша, жо­ба­ның басты мақсаты – ба­луан­дар­дың әлеуметтік жағдай­ын жақ­сар­ту, төл күресіміздің өрісін ке­ңейту, ұлттық дәстүрді жаңғыр­ту арқы­лы өскелең ұ­р­пақ­тың бойында отансүйгіштік қасиет­тер қалып­тастыру, қазақ күре­сі­нің Азия, Олимпия ой­ын­дары­ның бағдар­ла­масына енуі­не ық­пал ету. Сонымен бірге, ол осы жарыс ар­қы­лы қазақ кү­ре­сін еліміздегі №1 спорт түріне айналдыру мақсаты қойылып отырғанын айтты.

Кездесуде Е.Қанағатов турнирге мемлекет тарапынан үл­кен қолдау көрсетілетінін, қа­зақ кү­ресі сияқты ұлттық спорт түр­ле­ріне қазіргі кезде барлық жағдай жасалып жатқанын жет­кізсе, С.Тө­кеев биылғы өтетін жарыс­тың ережесі мен ерек­ше­лік­тері туралы айтып берді. Оның айтуынша, биылғы жарыс төрт кезең бойынша наурыз бен қыркүйек айлары аралы­ғын­да өткізіледі. Мысалы, бі­рін­ші кезең наурыз бен сәуір аралығында ауылдық елді мекендерде өтсе, екінші ке­зеңдегі жарыстар мамыр мен мау­сым айлары аралығында өтіп, ау­дан­дық, қалалық жерлер­ді қам­­тиды. Осы жарыстарда же­ңім­паз атанғандар үшінші кезең­де, яғни облыстық іріктеу жарыс­тарына қатысып, одан әрі төр­тінші кезеңде, 16-18 шілде ара­лығын­­да өтетін сайыста күш сынасады. Бұл жарыс Алматы қала­сын­да үш күндік оқу-жат­тығу кезінде өткізіледі. Ал «Қа­зақ­стан Барысы» турнирінің фи­налдық сайысы 15-16 қыр­күй­ек күндері Астанада өтеді. Оған тек түйе балуандар ғана қаты­са­ды. Бас жүлде – Тайтұяқ пен Ал­тын белбеу болады. Же­ңім­­­паз, сон­дай-ақ 150 мың АҚШ долларын иеле­неді. Екін­ші, үш­ін­­ші орын алғандарға кү­міс жә­не қола белбеу тағылады. Олар ақ­шалай сыйлыққа да ие болады.

Биылғы турнирдің тағы бір ерекшелігі – финалға 64 емес, 32 балуан ғана қатыса алады. Оған әр облыстан 2 балуанның ғана қатысуға мүмкіндігі бар және балуандардың өзі сол об­лыстың тумасы болуы керек. Сонымен бірге, турнирдің жүл­де қоры 50 миллион теңгені құ­райтын болады. Бұл сома өткен жылғы жүлде қорынан 10 миллион тең­­геге артық. Қомақты ақша 1-8 орын алған балуан­дарға және олардың бапкер­ле­ріне беріледі.

Биыл «Қазақстан Барысы» тур­­нирін «Сарыарқа» велотрек кешенінде өткізу жоспарлануда екен. Турнир туралы толығы­рақ мәліметті www.kazakhstanbarysy.kz сайтынан алуға болады.

Дастан КЕНЖАЛИН.