Д.Кәлетаев VIII Азаматтық форумға қатысушылардың саны рекордтық көрсеткішке жеткенін айтты.
«Биылғы форум жұмысына қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Жиынға еліміздің әр аймағынан азаматтық сектор жұмысын таныстырушы 1000-нан аса делегаттар келді. Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары азаматтық қоғамның белсенді қозғаушы күшіне айналды. 2003 жылы алғашқы Азаматтық форум жұмысына Елбасы арнайы қатысқан болатын. Форум аясында Азаматтық Альянс құрылып, 3 ұзақ мерзімді 2003-2011 жылдарға арналған бағдарлама ұсынылды», деді ол.
Сондай-ақ министр үкіметтік емес ұйымдар санының өскенін сөз етті.
«Қазіргі кезде 2016-2020 жылдарға арналған жоба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың саны 5000-нан 22 000-ға дейін өсті. 2018 жылғы есеп бойынша әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыруға 20 миллиард қаржы бөлінді. Қазіргі кезде ҮЕҰ 14 бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр», деді Д.Кәлетаев.
Маржан ТІЛЕУБЕК,
«Егемен Қазақстан»