• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қараша, 2018

«Денсаулық пойызы» Қарағанды облысының 10 стансасында болды

478 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында «Саламатты Қазақстан» консультативтік-диагностикалық пойызы 13 күн ішінде Маңадыр, Жомарт, Жеңіс, Қызылжар, Түйемойнақ, Теректі, Қоскөл, Байқоңыр, Қарсақбай және Дария сынды стансаларда болып, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті.

Шалғайдағы кіші стансалар және маңайдағы ауылдардың 3 мыңнан астам тұрғыны терапевт, маммолог, гинеколог, педиатр, тіс дәрігері, УДЗ маманының және хирургтің мамандандырылған медициналық көмегін алып, хирургиялық ұсақ оталар мен сапалы зертханалық тексеруден өту мүмкіндігіне ие болды.

«Денсаулық пойызы» емделушілерге медициналық диагностикалық зерттеулердің барлық түрлерінен өтуге мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Қайрат Әбілда,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды