• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Руханият 29 Қараша, 2018

Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізімінде

563 рет
көрсетілді

Елбасымыз қоғам тарапынан зор серпіліс тудырған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағ­дарламалық мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлық­­­тауды және ортақ фоль­к­­лорлық мұраларды зерт­­теуді айрықша тапсырған еді. Елбасымыз қоғам тарапынан зор серпіліс тудырған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағ­дарламалық мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлық­­­тауды және ортақ фоль­к­­лорлық мұраларды зерт­­теуді айрықша тапсырған еді. Елбасымыз қоғам тарапынан зор серпіліс тудырған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағ­дарламалық мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлық­­­тауды және ортақ фоль­к­­лорлық мұраларды зерт­­теуді айрықша тапсырған еді. 

Аталған мақала кеңінен тал­қы­ланып жатқанда алыстан ақжолтай жаңалық жетті. Алтайдан тараған түгел түркінің киесі, қобыздың иесі, ортақ миф пен фольклордың атасы саналатын Қорқыт ата мұрасы адамзат тарихында айрықша із қал­дырған құбылыс ретінде ЮНЕСКО-ның ма­те­риалдық емес мә­дени мұралар тізі­міне енді. 

Былтыр наурыз айында Қазақ­станның бастамашылығымен және бауырлас Түркия, Әзербайжан мем­ле­кет­терінің қолдауымен ұйым­ның қарауына алынған бұл жұ­мыс осы­лайша игі нәтижемен аяқ­талды. «Қор­қыт ата мұрасы: дас­тан, аңыз және музыка» деген атау­­мен енгізілген құжат Маврикий Рес­­пуб­ликасының астанасы Порт-Луисте өткен ЮНЕСКО-ның мате­риал­дық емес мә­дени мұра­ларды қор­ғау жөніндегі коми­те­тінің 13-үкіметаралық отырысын­да ма­құл­­данып, тиісті шешім қабыл­данды. 

Барша халқымызға құтты болсын!