• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2012

Олар таңның атуын күте алмады

1497 рет
көрсетілді

Олар таңның атуын күте алмады

Әлиманың қарапайым әрі жайлы үйі мен аулада жайқалып өскен ағаштары көктемнің сол бір шуақты күнінде наздана ағып жатқан Жайыққа бас шұлғып тұрды. Атқан таң-шық­қан күннің жаңадан түскен жарығында күміс жамбыдай жарқырап ақты өзен. Табиғаттың тұлымшақты қыздай түртінектеп ойнаған осы бір тылсым сәтінде Әлиманың шаңырағына бір әйел келді. Қонақ әйел келген күннен бастап, неге екені белгісіз, Әлима өзенге қараған терезенің пердесін қымтап қоятын болды.Бір күні қонақ әйел ас үйіне кіріп, жабулы тұрған пердені ысырып, жайбарақат ағып жатқан өзеннен мұңға толған жанарын айыра алмай қалды. Көлкілдеген көкжиектен көзі талып жауын алдында үйірілген бұлт іспетті толық­сыды. Содан соң өзеннің атын сұрады.

Әлиманың қарапайым әрі жайлы үйі мен аулада жайқалып өскен ағаштары көктемнің сол бір шуақты күнінде наздана ағып жатқан Жайыққа бас шұлғып тұрды. Атқан таң-шық­қан күннің жаңадан түскен жарығында күміс жамбыдай жарқырап ақты өзен. Табиғаттың тұлымшақты қыздай түртінектеп ойнаған осы бір тылсым сәтінде Әлиманың шаңырағына бір әйел келді. Қонақ әйел келген күннен бастап, неге екені белгісіз, Әлима өзенге қараған терезенің пердесін қымтап қоятын болды.Бір күні қонақ әйел ас үйіне кіріп, жабулы тұрған пердені ысырып, жайбарақат ағып жатқан өзеннен мұңға толған жанарын айыра алмай қалды. Көлкілдеген көкжиектен көзі талып жауын алдында үйірілген бұлт іспетті толық­сыды. Содан соң өзеннің атын сұрады.Әлима көкірегіне толған ащы жасқа тұншы­ғып, сөйлей алар емес. Бір кезде жұтынып барып: “Жа-а-айы-ық”, – деді ақырын ғана. Жайық – әлгі қонақ әйелді сүйікті перзентінен айырған тұңғиық өзен-тұғын.Әлима өзеннің атын естіген соң қонақ әйел­дің көңілі босап, баласын жоқтап, өзенді лағы­неттейді деп ойлаған. Тіпті оның өзі де бірде­меге дайын тұрғандай еді. Алайда әлгі әйел үнсіз ғана: “Раббым қандай керемет жаратқан,” – деді де, пердені жауып тастады. Одан кейін ашпады.* * *Қазақтың кең даласына алғаш келуім осыдан он жыл бұрын болатын. Сол күнді қалай ұмытасың? Ұшағымыз ұшы-қиырсыз шалқар далаға қона бергенде, көңілім алабұртып, әлденеге сабырсыздана бастаған.Шыңғыс Айтматовтың шығармасындағы “Сарыөзек” осы жер ме еді? Батыс жақтан Күн­шығысқа өтетін, Шығыс жақтан Күнбатысқа өтетін шойын жол осында ма еді? Армансыз шапқылап жүретін иесіз жүйрік аттар осы даланы мекендей ме?Түн жарымында алқаракөк аспаны иісі жусан аңқыған даланың құшағына құлайтын, жалт-жұлт еткен баданадай жұлдыздары жапан даланы күзетіп тұрған шежірелі шынарлардың бұтағында гүлдейтін киелі мекен осы ма?Неше жылдан кейін атажұртыммен қауыш­қан осы бір сырлы сәтте қуаныш сезімі ақкө­біктеніп аққан өзендей тулады.Алайда, ұшақтың есігі ашылар-ашылмас сәтте бойымдағы әлгіндегі асып-тасыған сезімді даланың лап қойған ызғарлы желі жұтып қойды.Өмірімде соншалықты тоңған емеспін.Ресми делегация біздерді тосып алды.Құшақ жая қарсы алған жас жігіттің түрік тілінде “Қош келдіңіздер!” деген сөзі тоңған жанымды жылытып, кенеттен жүрегім шымырлап, бауырым езілді. Туған тіліміз асыл ананың ыстық мейіріндей балқып құйылды жан-жүйе­мізге. Шынтуайтына келгенде, бұлай қарсы алады деп күтпеген болатынмын. Сөйтсем, бізді жылы шыраймен қарсы алған жас жігіт қазақ-түрік лицейінің түлегі екен.Ертесіне Қазақ елінің Көшбасшысымен жүз­де­сіп, сәлемдесуге Ақордаға келдік. Бұрынғы Президентіміз марқұм Тұрғыт Өзалдың: “Бауырым, қуаныштан таңның атуын күте алмадым” – деп, түн ортасында телефон соғып, тәуелсіздікті ең алғаш Түркияның мойындағанын қазақтың дара тұлғасы Нұрсұлтан Назарбаевтан есту кәдімгідей ішімізді жылытты. “Осы жолы кешік­пей, таңның атуын күтіп, қол қусырып отыр­маған екенбіз” деген ойға баттым.…Ызғарлы желден ығысқандай бір-біріне мінбелей тұрған үйлері көкке қарай жанталаса бой көтерген осы бір қаланы күн барын төгіп жылытып жатса да, даланың боранына шыдас бермей, қауқарсыз күй кешкендей. Қаланың кіндігінен шашырап-шоқтанып шыққан сондай бір сүйкімді сәуленің ішінде ұйытқи жауған қардың астында келе жатқан сырт киімі жұқа  ғаріп адаммен кездестік.Өмірдің қайғы-қасіретін өткергені асықпай, анық басып келе жатқанынан байқалды. Өзі орта бойлы болғанымен, сонау Тәңіртаудың биік шыңдарынан қарап тұрғандай еді. Екі иығына мұңға батқан періштелер қонып, ұлы Есеп күнінен бұрын есепке тартып жатқандай сезілді. Иә, көз жанары қам-қайғыға толған осы бір ғажап адам мұзда жалғыз қалған бірқазанды еріксіз елестеткен. Оны көрер-көрместен тұла бойым шымырлап, көңілім көтерілді.“Танысып қойыңыз, Иасиннің әкесі” деп таныстырды оны бізге жолбасшы жігіт.Бұрын Иасин туралы әңгімені жарым-жартылай естігенмін. Бір-бірімен жағаласып, жанталас­қан сезімдер Жайыққа сүңгіп, тоқтаусыз ағы­сына ілесердей. Айқасып-шайқасқан екі тарап­тың ортасында не істерін білмей аңтарылған журналистер іспетті ішкі және сыртқы топан ойдың қақтығысында сасқалақтап тұрғандай едім. Апыр-ау, Иасиннің әкесі бұл жерде не істеп жүр? Әлгі “алыстағы бауырының” мекеніне неге келді екен? Ғаріптіктің ызғарына төзіп, неге тоңып жүр? Тастай ауыр жүк арқалаған жүрегіне салмақ салмайын деп өзінен сұрауға батылым бармады.Айбынды Атырау қаласына барғанымызда, Иасин туралы әңгімені мектеп мұғалімдері айтып берді.Кедей отбасынан шыққан екі ұлдың тұңғы­шы Иасин орта мектепті тәмамдаған соң, Орта Азияға өзінің ата жұртына барып, жоғары білім алуға бекінеді. Иасинді әке-шешесі мен інісі сол туған жерінен шығарып салады. Баласы автобустың әйнегінен қол бұлғаған сәтте өзінің қимастық сезімін көрсеткісі келмеген әкесі көз жасын жасырып, үй арасына кіріп кетеді.Иасин Атырауға келгенде, он сегіз жаста еді. Көркем мінезді жас жігіт аз ғана уақытта достарының ең сүйікті әрі сенімді серігіне айналады. Атыраудағы университетте әрі білім алып, әрі қазақ-түрік лицейінде оқып жүрген балалар­дың тәрбиешісі болып қызмет істейді.Көктемнің сұлу қыздай сәнденген бір күнін­де бар әдемілігін қанатына жасырған көбелектей оқушыларымен бірге ол Жайық жағасына келеді. Түсі өзгеріп, лайланып аққан Жайықтың жа­ғасына келген соң олар қарынның ашқанын сезінген. Сөйтіп, тамақтанып алмаққа қам жасап жатқанда оқушылардың бірі өзенге түскен доп­ты қуалай суға сүңгіп кетеді.Жайықтың аяусыз ағысына беріліп, суға батып-шығып малтыққан оқушының: “Құтқа­рын­дар! Құтқарыңдар мені!” деген дауысын естіген Иасин: “Бұл балалар бізге аманат қой, әке-шешесіне не бетімді айтамын,” – деп оның артынан ойланбастан суға секіреді.Алай-дүлей аққан судың аяусыз алақанынан оқушысын суырып алса да, олжасынан айырыл­ған өзен ашуланғандай әрең дегенде оқушысын сүйреп жағаға шығарған Иасиннің қол-аяғына жармасып өзіне қарай тартып әкетеді.Оқушысын судың бетіне қарай итере серпі­ген Иасин дәрменінен айырылып, өзен ұйығына батып кете барды.Жел сарнай еседі кең далада. Бұтағын шілденің шіліңгір ыстығына жайған ағашта ақ көгершін құс тыпырлайды.Оқушылар шоршып жатқан балықтар іспетті Жайықтың жағасында.Шалқар далада шоқырақтап шапқан аттың жолы кесілді. Қара хабар ызғарлы желмен жетті отбасына. Сүйікті анасы: “Сезіп едім,” – деп есінен танып құлаған.Қазақтың қара домалақтары өз-өздерін түпсіз көңілдің сүйіспеншілігіне берсе, Иасин Жайық­тың құрбанына айналды. Қазақ қандастарымыз Иасинді жібермеді. “Балаларымыз үшін жанын пида қылған жас көшетті өз жерімізге отырғызып, көк байрағымыз іспетті Қазақ даласында желбіретіп қойғымыз келеді” деді. Иасин ұлы Азия жеріне шоқтай болып түсті.Балаларын Тәңіртаудың етегінде қалдырып кеткен әке-шешесі Түркияға сыймады.“Біздің өлке елсіз, біздің қолдар сенсіз, балапаным-ау… Сенсіз жасай алмаймыз,” – деп, бар-жоғын сатып, кері қарай оралмайтындай Иасині жатқан киелі жерге көшіп келді.Иасиннің анасы Атырауға келгенде, Әлиманың үйіне түсті.Үй иесінің мекенжайы күн астында ақ жамбыдай жарқыраған Жайыққа қарайды. Көктем мезгілінде жағасында ағашы гүл ашқан Жайық өзені наздана ағады.Әлима Иасиннің анасы үйлеріне келген күннен бері өзенге қараған пердені жауып жүрді. Бір күні ас үйге кірсе, Иасиннің анасы пердені ашып, мұңайған күйде өзенге қарап тұрыпты. Көзіне жас іркіліп, кірпіктері жасқа шыланған күйде Әлимаға бұрылып өзеннің атын сұрады. Әлима ақырын ғана: “Жайық,” – деді.Иасиннің анасы жылайды, баласын жұтқан өзенді лағынеттей бастайтын болар деп, уайымдады Әлима. Жылауға ол да әзір-тұғын.Алайда Иасиннің анасы үнсіз ғана: “Алла қандай керемет жаратқан екен,” – деп пердені қайта жауып қойды.* * *Он жылдан кейін қайта оралған атажұр­тымның кең алқабында жапалақтап қар жауып жатты. Даланың боранды желі шаһарды қоршап алғандай.Ағаштар әдемі сәукеле, бүрмелі көйлек киген келіндер іспетті қаланы сәндендіріп тұр.Иасиннің әкесімен кездестім. Әлемнің әсем қаласы Алматыда зайыбымен бірге сүт тағам­дарын сатып күн көріп жүр екен. Жұмыс орнында Иасиннің анасы ыдыс-аяғын жуып береді.Қазақтың қыздары үлкен шара ұйымдас­тырып, оған “Жыл анасы” атағын беріпті. Сонан соң ыдыс-аяқ жуатын мәшине сыйлапты. Бірақ ол кісі оны алмапты.* * *Қазақтың шалқар да жазира даласында қар жауып жатты.Періштелер аяулы алақандарымен жаудырып жатқандай қандай сүйкімді…Жаудырғанда да, адамдарға зияны тиіп кетпесін дегендей әр ақ үлпекті жерге сондай сыпайылықпен қондырып, қонақтатуда…Таңның атуын күтпей шексіздіктің рақымына жеткен сәуле сәйгүліктерінің түгелі бақшада жатыр…Шіркін-ай, Тәңіртау болса, аппақ ескертіш­тей еңсесін тіктеп тұр. Көк жүзі егін алқабындай ерте жиналған тәрізді.Таңның атуын күте алмаған бір жігіттің басындағы борап жауған қар жуып-шайып жатқан мәрмәр тасына қадалады жасаураған көзіміз: “Шейіт болған Иасин Чалкым”, деген жазу тұр.Харун ТОКАК, жазушы.Түрік тілінен тәржімалаған Мәлік ОТАРБАЕВ.Ыстамбұл.