• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қараша, 2018

Шымкентте студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

339 рет
көрсетілді

Шымкентте «Smart Square» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл туралы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Дария Қожамжарова Жоғары оқу орындары ректорлар кеңесінің кеңейтілген отырысына мәлімдеді.     

Аталған орталықта  студенттерге білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-тынығу бағыттарындағы қызметтер ұсынылады. Мұндағы қызмет білімгерлер үшін «бір терезе» қағидасы бойынша іске асырылады. Олар оқу орнында пайдаланатын бірыңғай код арқылы орталықтағы 7 секторда бар қажетті қызметтерге оп-оңай қол жеткізе алады.       

Смарт технологиялардың көмегімен қызмет көрсету алаңында 40-50 студент бір уақытта анықтама ала алады. Университет ректоры бұл орталықты жоғары оқу орнындағы сыбайлас-жемқорлықтың алдын алатын, білім беру сапасын арттыратын студенттерге арналған ашық алаң екенін айтып өтті.    Сонымен қатар университеттің мерейлі мерекесіне орай «Қазфосфат» атты жаңа зертхананың лентасы қиылды. Зерттеу мекемесінің басшысы Мұқаш Ескендіров сөзіне сүйенсек, компания биыл 17 млрд теңге инвестиция құйған.  

Жаңа зертхана екі жақты келісім аясында химия-технологиялық мамандарын өндірістік жұмыстарға бейімдеу мақсатында студенттер игілігіне беріліп отыр. Жоғары оқу орны мен арнайы зертхананың бірлескен жобасы негізінде білікті мамандар даярлау арқылы инвестиция көлемін алдағы уақытта 40 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлауда.

Нұршат ТӨКЕН,

«Егемен Қазақстан»