• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қараша, 2018

15 қазақстандық АҚШ IT-стартаптарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды

330 рет
көрсетілді

2019 жылы америка IT-стартаптарына тағылымдамаға аттанатын бес қазақстандықтың есімдері белгілі болды. Үшінші рет өтіп отырған, жаңа ғана аяқталған республикалық конкурстың нәтижелері міне, осындай. Осылайша, жеңімпаздардың жалпы саны 15-ке жетті.

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры  хабарлағандай байқау ұйымдастырушыларының атына бүкіл Қазақстаннан 78 өтінім келіп түсті. Жарысқа қатысушылар арасында еліміздің барлық ірі қалаларының, сондай-ақ Жезқазған мен Сарыағаш қалаларының тумалары болды.

— Екінші кезеңге  24 үміткер өтті, оның ішінде 3 қыз. Олардың екеуі жеңіске жетті, — деді қордың бағдарламалар менеджері Роумиса Башаева. - Жеңімпаздарды таңдау кезінде біз үміткерлердің техникалық икемділігіне және олардың ағылшын тілін меңгеруіне ғана емес, сондай-ақ  жеке қасиеттері мен уәждемелеріне назар аудардық. Енді стартаптарды іріктеуге және визаларды ресімдеуге кірісеміз. Бұл жұмысты наурыз айында аяқтаймыз және сәуір айында бес бақытты қатысушы жолға аттанады.

Жеңімпаздар туралы бірер дерек.  22 жасар Айдана Құрмашева Қазақстан-Британ техникалық университетінің бакалавриатын бітіріп, Алматыдағы Codebusters стартапында еңбек етеді. Байқаудың екінші жеңімпазы Халықаралық  IT университетінің түлегі Вадим Миропольский ірі IT-компанияда әзірлеуші болып жұмыс істейді. Ол байқауға өткен жылы да өтініш берді, бірақ сәттілік оған тек екінші талпыныстан ғана келіпті:

— Бір жыл ішінде мен мықты командаға ауысып, жетіспейтін дағдыларымды толықтырдым. Бұл тағылымдамадан көп нәрсе  күтемін. Ең алдымен, команда қалай жиналады, шешім қалай қабылданады, стартаптар қалай қаржыландыруды және бірінші пайдаланушыларды іздейді, - деді Вадим

Үшінші жеңімпаз - Nazarbayev University түлегі Ерасыл Дияс. Ол Қазақстанның ірі интернет-холдингінде және horafin ltd Үнді стартапында жұмыс істей отырып, тәжірибе жинақтады. Ал Алтай Сабырбай ел астанасындағы кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығында жұмыс істейді. Ал Beijing Institute of Technology-да магистр дәрежесін алды. Семейлік Әйгерім Сағандықова, қазақстандық ірі банктердің бірінде аға сарапшы болып жұмыс істейді. Осы жылы Yessenov Data Lab лекторы ретінде Қор туралы білді:

- Тағылымдама маған тамаша тәжірибе береді. Бірақ маған конкурс процесінің өзі де қызықты болды: құжаттарды дайындау және сұхбат өткізу. Менің уәждемелік хатында менің тәжірибемді жай ғана бұрмалаудан гөрі, атап айтқанда, мен айналысатыныма деген күшті тілек пен сүйіспеншілікті жеткізгім келді. Бұл маған сәтті болды, — деді Әйгерім.

Америкада тұрақты қызмет ететін қордың қамқоршылар кеңесінің мүшесі Эльдар Ахметгалиев конкурстың ақтық сайысы туралы түсініктеме берді, «өтінімдер саны жыл сайын артып келеді, ал тағылымдамадан кейін біздің мамандар туралы америкалықтардан керемет пікір аламыз, ал бағдарламаның өзі отандық ІТ-индустриясының дамуында маңызды рөл ойнайды».

Естеріңізге сала кетсек, күзде осымен үшінші рет өткен конкурсқа ағылшын тілін меңгеру деңгейі мен тиісті біліктіліктері бар Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алды. Осылайша, ақпараттық технологиялар саласында 15 қазақстандық маман АҚШ-тың озық ІТ-стартаптарында жарты жыл жұмыс істеу мүмкіндігін алды.