• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қараша, 2018

Атажұртқа оралған әнші

642 рет
көрсетілді

Жазушы-журналист Қай­нар Олжай өткен ғасырдың тоқ­са­ныншы жылдарының ортасында жарық көрген «Президент пырағы» атты репортаждар кітабында, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылы қазан айында Моңғолияға барған ресми сапары жайлы көрген-білгенін баяндай отырып: «Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзекті мә­селелерді шешіп алған соң осы ел­дегі қазақтармен кездесіп, ата­­­мекенде болып жатқан өзг­е­рістерді, жаңалықтарды айтты. ...Кездесуден кейін Бай-өл­ке ай­ма­ғының басшысы Мизамхан Күн­туғанұлы бастаған азаматтар Қазақстан делегация­сына қонақасы беруді парыз санап­ты. Олар «Көк тәңір» резиден­циясы ішіне он екі қанат киіз үй тігіпті. Сол жерде үкілі домбырасын қолға алып, өзі де үлбіреп тұрған Меруеш Башай деген қарындасымыз Қазақстан Президентіне арнау айтты. Ата­жұрттан алыста жатқан бұлардың сағынышы, аңсауы, өксігі, өкі­ніші, үміті, болашағы жатқан бұл ар­наудың жөні бөлек болды. Наз да бар, базына да бар. Ті­лек те бар, қайсарлық та бар. Ақбоз үйдің алдында арнауды тыңдап тұрып, Президент Нұрсұлтан Назарбаев толқыды. Бұған дейінгі талай сапарда бұл кісі таңданысын да, толқынысын да байқатпайтын» деп жазыпты. 

Журналист жазған бұл сәтті ол кезде телеэкраннан бәріміз де көрдік. Тіпті Нұрсұлтан Әбішұлы арнауды тыңдап тұрып көз жасын сүрткенін былайғы жұрт әлі ұмыта қойған жоқ. Расын­да аққудың балапанындай үкісі жел­біреген жас қыздың «Қанды бұғау қақырап, Қайта оралды көк туым, Алыс­тағы ағайын, Келші деген жетті үнің...» дейтін зарлы толғауын бейжай тыңдау мүмкін емес-тін. 

Одан бері қаншама жылдар алмасты. Тәй-тәй басып тәуел­сіздігін жариялаған Қазақстан қазір әлемдегі алдыңғы қатар­лы елге, Ханғайдағы қандасына қа­мыға қараған Елбасы қазір ғалам таныған тұлғаға айналды. 

Арада 15 жыл өткенде, яғни 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тағы да кезекті рет ресми сапармен Моңғолияға барды. Тағы сол Ұлан-батыр қаласында қандастарымен кездесті. Осы қауышу үстінде он бес жыл бұ­рын Елбасыны жырымен елжі­реткен әнші Меруеш ән салды. Бұл жолы ертедегідей зарлы сұңқыл емес, 10 жылдың ішінде іргесі кеңейген алып шаһар Астана жайлы, дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанның бүгіні мен болашағы жайлы шат­тық жыры жырланды. 

Кездесу үстінде Нұрсұлтан Әбішұлы әнші қарындасымызға «Ата­жұртқа оралмайсың ба?» деген сауал тастап, Меруештің «иә» деген жауа­бын есті­ген­нен кейін мезетте қызмет бабымен бірге барған адамдарға «Қара­ғанды облысы әкіміне хабар­ласыңдар, Меруешті жұмысқа қабылдасын!» деп қолма-қол тапсырма бергізді. Сөйтіп, әнші қызымыз атажұртына оралып, қазір Қ.Байжанов атындағы Қа­рағанды облыстық концерттік бір­­лестігінде абыройлы қыз­мет атқарып жүр.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, 

«Егемен Қазақстан»