Таллинде мәнерлеп сырғанаудан "Челленджер" санатындағы халықаралық турнир аяқталды. Аталған сында өнер көрсеткен қазақстандықтар айтарлықтай жоғары нәтиже көрсеткен жоқ деп хабарлайды Olympic.kz.
Қыздар арасындағы бәсекеде Айза Имамбек жалпы есебі 123.12 ұпай жинап, 20-шы орыннан көрінді. Төрешілер Айзаның қысқа бағдарламасын 38.40, еркін бағдараламсын 84.72 ұпайға бағалаған.
Ерлер арасында Никита Манько да 20-шы сатыда. Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 147.46 ұпай жинады. Еркін бағдарлама үшін Манько 92.63 ұпай иеленген.
Жұптасып өнер көрсеткен Жансая Адыханова мен Әбіш Байтқанов жұбы алтыншы орында. Олар екі сайыс нәтижесінде 90.84 ұпайға иелік етті.
Еске сала кетейік, енді қазақстандық спортшылар Загребте өтетін турнирге аттанады.