Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының ретінде Салимов Жандос Нұржанұлы «техник-технолог» және «заңгер» мамандықтарының иесі.
Оның құрылыс және энергетика саласы бойынша басшы лауазымдағы тәжірибесі жеткілікті.
Батыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласында Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметтерінде болды.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы