Облыстық энергетика және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, басқармада тұрғындарды қыс мезгілінде көмірмен қамтамасыз етуді бақылауға алатын жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы өңірде көмірдің сапасын анықтау және көмірдің рұқсат етілмеген жерлерде қымбат бағамен сатылмауы үшін арнайы рейдке шығады.
Рейд барысында облыс орталығындағы көмір сататын 4 орынның бірінде заңсыздық анықталып, әкімшілік хаттама жасалды.
Ал, Оңтүстік стансасы 38 мекен-жайында орналасқан көмір сату орындары сапасыз, бағасы арзан «Гамма» «Сарыкөл» ЖШС-тары кеніштерінен алынған көмірді сатумен айналысқандықтан бұл орын жабылды.
Жұмыс тобы жүргізілген рейд барысында көмір бағасының арзандағаны да байқалды.
Мысалы, «Элит KZ» ЖШС-нің теміржол тұйығындағы Майкөбе көмірінің бір тоннасының бағасы 11 мың теңге, Шұбаркөлдің көмірі 16000 теңгеге сатылуда.
Басқарманың мәліметінше, қыс мезгіліндегі халық тұтынатын көмір бағасын реттеу, сапалаы көмір жеткізуді бақылайтын жұмыс тобының рейд жұмсытары жалғасады. Тіпті, қаңтардан бастап көмірдің құнын біршама төмендетуде жоспарланып отыр.
Сондай-ақ облыс әкімдігі «Майкөбен-Вест» ЖШС және «Богатырь Көмір» ЖШС кеніштерімен өңір тұрғындарының қыстан қысылмай шығулары үшін көмір сатушыларға көмірді кеніштен бірінші кезекте босату жөнінде келісімге қол жеткізді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР