• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Желтоқсан, 2018

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

404 рет
көрсетілді

Қарашаның 29-ы күні болған бұрқасыннан кейін «Алматы-Екатеринбург» автожолының Теміртау қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі бөлігі жабылып, қозғалыс шектетілген болатын.

Кешкі сағат 21.00-дің шамасында жергілікті төтенше жағдайлар қызметіне Осакаровка кентінің маңында 49 жолаушысы, оның ішінде 27 бала бар автобустың тоқтап қалғаны туралы суыт хабар келіп түсті.

Қар құрсауында қалғандар Қарағанды облысының Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайды бетке алған Ақмола облысындағы Аршалы кентінің оқушылары болып шықты. Оларға көмекке төтенше жағдайлар басқармасы және Осакаров ауданы әкімдігінің қызметкерлері келген. Құтқарушылар автобус жолаушыларын үйлеріне пойызға мінгізіп қайтарды.

Сондай-ақ, бұл күні Осакаров ауданында көліктері бұзылып, қар басқан жолда қалып қойған тағы 6 адам құтқарылды.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы