• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Парламент 02 Желтоқсан, 2018

Сенаторлар Ақкөл қаласындағы №1 балалар үйінде болды

303 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен Сенат депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова Ақмола облысы, Ақкөл қаласындағы №1 балалар үйінде болды.

Сенатта бірқатар жылдар бойы парламентшілердің балалар үйіне баруы ізгі дәстүрге айналған болатын. Сапар барысында депутаттар тәрбиеленушілермен кездесті және кітапханада, қызықты жұмыстар бөлмесінде, спорт залы мен демалыс бөлмесінде болып, демалыстағы тәрбиеленушілер жағдайымен және бүлдіршіндердің денсаулығын нығайту бағдарламасымен танысты.

Кездесу соңында балаларға кітаптар, ойыншықтар, тәттілер мен теледидар тарту етілді.