• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Желтоқсан, 2018

Шымкентте қоғамдық орындарда ВИЧ инфекциясына қарсы тексеру жұмыстары жүргізілді

497 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен емхана дәрігерлері сауда орталықтарында ВИЧ инфекциясына қарсы тексеру шарасын жүргізді.

Күні бойы ақхалаттылар «Мега Планет» ойын-сауық орталығына келушілерді тексеруден өткізді. «Өз статусыңды біл!» атты акциясы аясында терапевт, дерматовенеролог, уролог, гинеколог, ЖИТС-тің алдын алу және оған карсы күрес орталығының мамандары қала тұрғындарына тегiн кеңес берді.

Әрі экспресс-тест арқылы арнайы орталыққа келген қалалықтарды ВИЧ инфекциясына қарсы тексеруден өткізді. Бұл әдіс арқылы дәрігерлер он бес минуттың ішінде маман көмегіне жүгінушілердің статусын анықтап берді.

Сауда орталығында жүргізілген медициналық тексеру жұмыстары кезінде 100-ден аса тұрғын ақхалаттылардың қабылдауында болды. Ал, 50-ге жуық азамат экспресс-тест арқылы ВИЧ статусын анықтады.

Айта кетерлігі, Шымқалада мұндай инфекцияны анықтайтын тексеру жұмыстары 15 желтоқсанға дейін өзге де қоғамдық орындарда өткізілетін болады.

Нұршат ТӨКЕН,

«Егемен Қазақстан»