• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2012

Қарлығаштар

539 рет
көрсетілді

Қарлығаштар

Құстар келіп, мекен жайға қонысып,

Жыл бойына көрмегендер көрісіп,

Бұларда да жесір менен ұя дау,

Шулап жатыр бұтақтарды бөлісіп.

 

 

Құстар келіп, мекен жайға қонысып,

Жыл бойына көрмегендер көрісіп,

Бұларда да жесір менен ұя дау,

Шулап жатыр бұтақтарды бөлісіп.

Адамдарға ұқтырсам деп іс мәнін,

Тіл орнына ишара еткен тұспалын.

Тәңірім өзі он сегіз мың ғаламның,

Жақындау ғып жаратқан кей тұстарын.

 

Қарлығаштар жетелеген көктемді,

Көп болды ғой көрінбейсің көп болды.

Секем алып кеттің бе әлде біздерден,

Мекен тауып адамдары жоқ жерді.

 

Қанатыңа ілестіріп жылы ағын,

Келтіруші ең сырлы әуеннің құлағын.

Қарлығаштар, қарлығаштар келсеңші,

Жанға жақын сенісетін сыңарым.

 

Қарды сілкіп, жайса көктем кілемін,

Сол кілемнің көп қараймын түр-өңін.

Мына өңірдің қайда кеткен өрнегі,

Құлпыратын қайда кеткен гүлі оның.

 

Отбасы мен елдің, жердің тілеуін,

Тілеп жүрем бар дүниенің түгелін.

Қарлығаштар неге келмей қалған деп,

Тынши алмай атқақтайды жүрегім.

 

Қарлығашым, қанатты да текті едің,

Сол кеткеннен мол кеткенің не еткенің,

Балапанды осы жаққа түлетіп,

Неге бізге бауырбасты етпедің.

 

Табиғаттың заңы сол ма реттейтін,

Әлі жеткен әлсіздерді шеттейтін.

Әлде сені жіберді ме бездіріп

Ала қанат бұзық торғай ет жейтін.

 

Уа, табиғат, тіршілігім, тұнығым,

Өмір менен жарық дүние бір ұғым.

Менің дағы бір тал шашым ағарар

Көктемесе сенің де бір шыбығың.

Дулат ТҰРАНТЕГІ.

Оңтүстік Қазақстан облысы.