• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2010

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2009 жылғы 23 наурыздағы № 43 бұйрығымен бекітілген

942 рет
көрсетілді

Алматы қаласында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған майдангер-дәрігерлерге арналған ескерткіштің таңдаулы жобасына арналған республикалық ашық конкурс өткізудің тәртібі1. Жалпы ережелер 1. Алматы қаласында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған майдангер-дәрігерлерге арналған ескерткіштің ең үздік жобасына арналған республикалық ашық конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі өткізеді. 2. Конкурстың мақсаты – Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған майдангер-дәрігерлердің ерлігін бейнелеп, ескерткіштің нақты мүсіндік-көркемдік шешімін табу. 3. Конкурсқа ұсынылған жобалар ан­самбльдік үйлесімді шешіммен қорытындыланған жоғары идеялық және сәулеттік-көркем деңгейде орындалуы тиіс. 2. Конкурстың бағдарламасы 4. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған майдангер-дәрігерлерге арналған ескерткіштің жобасын іріктеу талаптары: 1) жоғары көркемдік деңгей, эстетикалық мәнерлілік, идеялық мазмұндылық, көркемдік тұтастық пен ерекше бітімде болуы; 2) мүсін алыстан көз тартып, жергілікті кең көріністің (панорама) өзекті композициясына айналуы керек. 3. Конкурстық жоба ұсыныстарының құрамы және ұсынылатын материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар 5. Конкурстық материалдар құрамында ұсынылатын құжаттар: 1) орналастыру сызбасы м 1:100 кем емес; 2) бас жоспар      м 1: 500 кем емес; 3) нұсқа                м 1:50 кем емес; 4) ескерткіш қасбеттері және негізгі модель 60х80 см планшетте; 5) модель эскизі (эскиздік модельдің материалы автордың қалауынша орындалады) м 1:10 кем емес; 6) ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңіс­тікті ұйымдастыру қағидалары және негізгі идеясы мазмұндалған №14 өлшемді “TіmesNewRoman” шрифтімен бірінші жоларалығымен басылған 2-парақтан аспайтын мәтіннен тұратын, 2 дана түсініктеме жазба; 7) автордың аты-жөні, мекенжайы, телефон­дары туралы ақпараттар жинақталған конверт. Барлық графикалық жұмыстар 60 х 80 см планшетте беріледі. 4. Конкурс шарттары 6. Конкурсқа қатысуға авторлық және авторлық ұжымдар шақырылады. 7. Конкурсқа қатысушылар ескерткіштің бейнесін толық ашу үшін Ұлы Отан соғысы мен оған қатысқан майдангер-дәрігерлердің қызметі туралы жан-жақты біліп, ескерткіштің ауқымдық құрылымы мен физикалық өлшемдерінің сәйкестігін анықтау мақсатында ескерткіш орнатылатын жермен танысуы қажет. 8. Ескерткіш Алматы қаласы, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы “Өмір үшін” аллеясында орнатылады. 9. Ескерткіш материалы – қола және биіктігі тұғырымен қосқанда шамамен 3-4 метр болуы керек. 10. Авторлар конкурс материалдарын Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне 2010 жылдың 31 наурызына дейін ұсынуы керек. 11. Конкурсқа ұсынылған материалдарға, сондай-ақ конверттің жоғары оң жақ бұрышына алты таңбалы шифр белгіленеді. 12. Конкурс шарттарын сақтамаған материалдар конкурсқа жіберілмейді және комиссияда қаралмайды. 13. Бағдарлама және байқау шарттары бойынша қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады: 010000, Астана қ., Есіл өзенінің сол жағалауы, “Министрліктер үйі” ғимараты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті, 15-кіреберіс, 515 бөлме, т/факс: 8(7172)740-434, 8(7172)740-430, е-maіl: mkі.gov.kz.