• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Желтоқсан, 2018

Қостанайда көп қабатты үйдегі бір пәтер өртеніп, екі адам қаза болды

364 рет
көрсетілді

Қостанай қаласының орталығында Чехов көшесіндегі 106-шы үйдегі пәтерден түстен кейін өрт шығып, 6 адам ауруханаға жеткізілді.

60 жастағы және 30 жастағы екі ер кісі улы газға тұншығып, қайтыс болды. Облыстық өрт сөндіру қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт үшінші қабаттағы пәтерден шыққан. Үйден 7 адам көшірілген, 20 адам қызыл оттан құтқарылған. Оның ішінде бір бала бар. Өрт бір сағатқа жуық уақытта өшірілген. Оқиға орнына 40 өрт сөндіруші және 12 техника жеткізілді.

«Ауруханаға жеткізілген алты адамның төртеуі жан сақтау бөлімінде, екі адам облыстық ауруханаға ауыстырылды. Жан сақтау бөліміндегі төрт адамның екеуінінің жағдайы ауыр» дейді Қостанай қалалық ауруханасы жан сақтау бөліміндегі кезекші дәрігер Павел Уколов.

Қазір өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай