«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсанның 16 күні» атты деректі фильмін дайындады.
Архивтік құжаттар мен нақты деректерге негізделген фильм еліміздің тарихи кезеңі – Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздікке қол жеткізуіне арқау болған, 1991 жылдың желтоқсанында орын алған саяси оқиғаларды баяндайды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің эксклюзивті сұхбатында КСРО мен басқа да Кеңестік республикалардың басшылары арасындағы қарым-қатынасы, сол кезеңдегі негізгі оқиғалар мен Қазақстанның алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың күрделі міндеттері туралы естеліктерімен бөлісті.
«Желтоқсанның 16 күні» арнайы жобасының жетекшісі Дәурен Абаев, фильм авторы Ерлан Қарин, режиссері Дмитрий Богомолов, монтаж режиссері Айзатулла Хуссейн. Аталған деректі фильм 18 желтоқсан күні сағат 21:30-да «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында көрсетіледі.