• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Желтоқсан, 2018

Бүгін Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады

436 рет
көрсетілді

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады, тек батыста ғана жауын болмайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, республиканың бірқатар аймақтарына тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және жел күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел секундына 17-22 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, жолдарында көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын болады.

Қарағанды облысында көктайғақ болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Актөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.