• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Желтоқсан, 2018

Ош қаласы 2019 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды

402 рет
көрсетілді

2019 жылы Ош қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы деп жарияланды. Бұл туралы шешім Түркияның Кастамон қаласында өткен ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің 36-шы отырысында қабылданды, деп хабарлайды turksoy.org.

ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ұйымның атқарып отырған жалпы жұмыстары туралы айтты.

«ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдық қызметі нәтижесінде мәдениет және өнер саласындағы көптеген ауқымды жобалар мен іс-шаралар біздің ұйымның атымен ассоциациялана бастады. Ұйымға мүше-елдері мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің 36 отырысы өтті. Суретшілердің, фотосуретшілердің, әдебиетшілердің, әртістердің, композиторлардың және басқа  да өнер иелерінің дәстүрлі кездесулері белсенді түрде өткізіліп келеді», деді Дүйсен Қасейінов.

Отырыс қатысушылары күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, соның аясында түркі әлемінің 2019 жылғы жаңа мәдени астанасы анықталды.