• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Желтоқсан, 2018

Қостанайдың бас шыршасы салтанатты түрде жағылды

548 рет
көрсетілді

Жылдағы дәстүрмен Қостанай қаласының орталығында  2019 жылға арналған облыстың бас шыршасы салтанатты түрде жағылды. Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, жиналған жұртшылықты құттықтады.

«Бүгін өңірдің бас шыршасын жағу дәстүріне жиналып тұрмыз. Мұндай мереке облыстың 16 ауданы мен 4 қаласында да өтіп жатыр. Кетіп бара жатқан 2018 жыл облыс үшін жаман болған жоқ. Барлық саладағы көрсеткіштер бойынша алға жылжу, даму байқалды. Облыс экономикасына 10 миллиард теңгедей инвестиция салынды. Тек облыс ғана емес, тұтас еліміз бойынша осы жылы маңызды шаралар өтті. Барлық қостанайлықтарды құттықтап, әр отбасына денсаулық, мол қуаныштар тілеймін» деді Архимед Бегежанұлы.

Шырша жағылып, отшашулар атылды. Жаңа жылдың кейіпкерлері Аяз ата мен Қаршақыз шығып, келе жатқан Жаңа жылмен қостанайлықтарды құттықтады. Халықтық ертегі кейіпкерлері, балалар билеп, шыршаның сәнін келтіре түсті.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай