• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Желтоқсан, 2018

«Союз МС-09» ғарыш кемесі Жезқазған қаласынан 147 шақырым жерге қонды

818 рет
көрсетілді

«Союз МС-09» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясының үш экипажымен Жезқазған қаласынан 147 шақырым жерге қонды, деп хабарлайды TASS.

Капсула экипажының құрамында Роскосмосс ғарышкері Сергей Прокопьев, NASA астронавты Сереной Ауньон, Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Александером Герст бар. Келесі экспедиция 1 наурызда Байқоңыр ғарыш айлағынан басталады деп жоспарланған. «Союз МС-12» ғарыш кемесінің жаңа экипаж құрамында Роскосмосс ғарышкері Алексей Овечкин, NASA астронавтары Ник Хейг пен Кристина Кох болады.  

Прокопьев ғарыш кеңістігінен алынған заттар мен ғарыш кемесінің микрометеоритті қорғанысының үлгілерін алып келді. Ғарышкерлер ғарыш кеңістігіне 12 желтоқсан күніне қараған түнде шыққан. Үлгілермен қатар фотосуреттер де бар.