Облыс әкімі Қ.Көшербаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары мәселесіне арналған отырыста бұл жұмыстарды жүзеге асыру – жергілікті бюджет жүктемесін азайтып, қосымша инвестицияларды тартып қана қоймай, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыратынын атап өтті.
- Қазіргі таңда Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің 84 жобасы іске асырылуда, 32 жоба бойынша келісімшартқа қол қойылды, - деді ол.
Денсаулық сақтау саласындағы 29 жобадан басқа Қызылорда облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 20, дене шынықтыру және спорт саласында 12, білім беру саласында 7, цифрландыру саласында 6, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында 5, мәдениет саласында 2 жоба және әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдық тәртіп, экология саласында 1 жобадан іске асырылып жатыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы