• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Желтоқсан, 2018

«Реал» төртінші рет финалға шықты

271 рет
көрсетілді

Футболдан Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққан командалар анықталды.

Жартылай финалдық сайыста Испа­нияның «Реал» командасы Жапонияның 8 дүркін чемпионы, 2018 жылы футболдан Азия Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған «Касима Антлерс» клубын жеңіп (3:1), финалға шықты. «Реал» сапынан үш голды да Гарет Бейл салса, «Касима Ант­лерс» командасынан Сёма Дои бір ғана голмен жауап қайырды.

Екінші жартылай финалда Біріккен Араб Әмірлігінің «Әл-Айн» және Аргентинаның «Ривер Плейт» командалары кездесіп, ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен тең аяқталды. Ойын соңындағы пенальти сериясында «Әл-Айн» командасының бағы жанып, финалдық сайысқа жолдама алды. Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалдық ойыны 22 желтоқсан күні өтеді.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»