• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2018

Қызылордалықтар ота жасату үшін Алматы, Астанаға бармайды

393 рет
көрсетілді

Қызылордада облыстық медицина орталығының жиырма жылдығы атап өтілді.

Заман талабына сай Елбасының қолдауымен салынған орталық осы өңірдің медицинада қордаланған мәселелерін шешіп келеді. Бұрын дертті жұрт ота жасату үшін Алматы, Астана барса бүгінде осы орталықты таңдайды. Айтулы мерекемен орталық қызметкерлерін құттықтаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бұл орталықтың Мемлекет Басшысының қолдауымен салынғанын тілге тиек етті.

- Облыстық медицина орталығының толық аяқталуы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды саясатының жемісі. Осыдан 20 жыл бұрын желтоқсан айында Сыр бойына келіп, медицина орталығының лентасын қиды. Заман талабына сай болуға аманат арқалатты. Облыстық медицина орталығы өңірде көпсалалы медициналық көмек көрсететін жалғыз орталық. Осы орталықтың заман талабына сай болып, медицинаның соңғы жетістігін игеруге күш салуымыз қажет,-деді облыс басшысы.

Салтанатты жиында медицина орталығының ұжымы атынан медицина ардагері Тұрғанбай Маханов құттықтады.

Облыс әкімдігі мамандарды даярлау ісіне үлкен көңіл бөліп отыр. Бүгінде әкім гранты арқылы 72 студент еліміздегі жетекші оқу орындарында білім алып жатса, облыс дәрігерлері шет елдің мықты клиникаларында тәжірибеден өтуде.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы