Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрында ұлағатты ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері, оңтүстік астанадағы №159 мектептің қалыптасуына зор еңбек сіңірген Аягүл Миразованың 70 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті.
Ұлағатты ұстаздың еңбек жолын насихаттау мақсатында Алматы қаласында әкім Бауыржан Байбектің бастамасымен шығармашылық айлығы жарияланған болатын. Осы шараға қатысқа қаланың білім ордалары ұстаздық етудің, бала тәрбиесінің маңыздылығына байланысты көптеген шаралар өткізді. шарашығармашылық жарияланған еді. Қазақстанның Тұңғыш Еңбек Ері атанған Аягүл Төреқызы еліміздегі барша ұстаз қауымының ақылманы ретінде көптеген игі істердің басы-қасында жүр.
Салтанатты кеш аясында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек құттықтау сөз сөйлеп, Елбасының Алғыс хатын тапсырды. Ұстазды құттықтауға ҚР Парламент депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұстаздар қауымы қатысты.
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ