• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Желтоқсан, 2018

Атырауда ноғай халқының мәдениет күндері өтеді

790 рет
көрсетілді

Аталмыш іс-шараны облыстық Мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасы мен Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ xалық аспаптар оркестрі бірлесе ұйымдастырып отыр.

Екі күнге созылатын жиынның бірінші күні Ноғай халқының көркемсурет, қолөнер шеберлерінің көрмесі, бүгінгі ноғай мәдениеті, өнері мен өмірі туралы түсірілген «Камбак» кинофильмінің көрсетілімі өтеді.

Екінші күні ноғайлық және қазақстандық ғалымдар мен ақын-жазушылардың дөңгелек үстелі, Атырау облысындағы Ноғай халқының мәдениет күндерінің салтанатты жабылуы болады.