• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Желтоқсан, 2018

Алана Тоқтарова мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы атанды

335 рет
көрсетілді

Желтоқсанның 18-22 аралығында Ақтөбе қаласында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан біріншілігі өтіп, жеңімпаздар анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ерлер арасында астаналық Никита Манько чемпион атанды. Күміс жүлдені тағы бір астаналық спортшы, жақында Загребте өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері Рахат Бралин иеленді. 

Үздіктер үштігін алматылық Владислав Филь қорытындылады. 

Қыздар арасында Алана Тоқтарова топ жарды. Екінші орында Айза Имамбек, үшінші сатыда Вероника Шевелева. 

Еске сала кетейік, ұлттық құрама көшбасшысы Элизабет Тұрсынбаева ел чемпионатына қатысқан жоқ.