• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2018

Аралда Сoworking орталығы ашылды

312 рет
көрсетілді

Арал ауданында «Нұр Отан» партиясының кітапханалар қызметін жаңғырту жобасы бойынша "Сoworking" орталығы ашылды.

Білім орталығының ашылуына арнайы келген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев:

- Бұл орталық жастарға өзін-өзі жетілдіру үшін мүмкіндік береді. Келушілер бос уақыттарын тиімді өткізеді. Көптеген қызықты іс-шараларға, акциялар, шығармашылық кездесулер, шеберлік сыныптары мен зияткерлік ойындарға қатысып, интернет қызметін пайдаланады. Алдағы уақытта орталықтың тиісті деңгейде жұмыс істеп, кітапсүйер қауымның бас қосар нағыз орталығына айналуына тілектеспін,-деді.

«Сoworking» орталығында төрт аймақ жұмыс істейді. Wi-Ғi аймағында кітапхана пайдаланушылары тегін интернетке қол жеткізіп, конференция алаңында түрлі дөңгелек үстелдер, ақпараттық үстелдер, кездесулер, семинарлар, шеберлік сыныптары өткізеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ.