Қазақта жақсы жандарға ерекше бір сүйсінгенде, «тегі мықты ғой» деп айтады. Сол сияқты бүгінде халқының ықыласына бөленіп жүрген Жанарыс Жақсылықұлы Еңсеповтің де тегі мықты. Қалың оқырманға түсінікті болу үшін Жанарыс атаның әйгілі «Жау жүрек мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың жетінші ұрпағы екенін айтсақ та жеткілікті.
«Жігіттің жақсысы – нағашыдан» демекші, түп нағашысы қазақ тарихында орны бөлек, аты аңызға айналған Ақтан батыр екендігін айтсақ, кейіпкеріміздің болмысы одан сайын биіктей түсетіні анық. Шежіресі осындай тектілерден тарайтын Жанарыс атаның елдің мүддесін ойлап, халқына қалтқысыз қызмет етуі де заңдылық. Бүгінде Ақтөбе қаласының төрінде орналасқан Жанарыс атаның үйінен кісі арылмайтыны да сондықтан. Ауруына шипа, жанына дауа іздеген мындаған адам осы берекелі шаңыраққа ат басын тірейді.
Онкологиялық, СПИД, бедеулік, аутизм, инсульт, инфаркт, ДЦП, аутоиммунды ауруларға шалдыққандар медициналық жақтан тек симптоматикалық белгілерін қоздырмауға бағытталған ем-шараларды ғана қабылдап, одан толық жазылу мүмкін болмай отырғандығы белгілі. Әлем бойынша медицина ғалымдарының назарында тұрған аталған дерттерді зерттеулер қорытындысы әзірге нәтижесіз күйде қалып отыр. Біз сөз етіп отырған Жанарыс атаның шапағатының арқасында жоғарыда аталған аурулардың шипасы табылып, аталған ауру түрлерінен айыққандар өте көп.
Ауруханада емдеу барысында қолданылған дәрілердің зақымдалған клеткалармен қоса, сау клеткаларды, соның ішінде қорғаныс – иммунды жүйе клеткаларын жоятын кері әсері де болады. Науқастың алғашында қоршаған ортамен – табиғатпен, ауру асқынған соң өзіне екінші адамның күтімін қажет етіп, әлеуметтік дертке ұласуы, дәрілердің, ем-шаралардың өте қымбаттылығы, науқас психологиясының біртіндеп бұзылуы, асқынулары кездеседі. Туу жасындағы әйелдерде жиі кездесетін мастопатия, басқада туу жолдарының ауруларын табиғи жолмен емдеп, әрі қарай бала туғысы келетін, бірақ денсаулығы көтермей, дәрігерлер қатаң тыйым салған, өміріне аса қауіпті деген тұжырыммен келген әйелдер Жанарыс Жақсылықұлының берген емін алып, денсаулығын оңалтып, әрі қарай бала көтеріп, дені сау балаларды дүниеге әкеледі. Қазақстанның көп жерінде, соның ішінде экологиялық, радиациялық апат аймағы аталатын бұрынғы полигон аймақтарынан келген: Азғыр, Ембі-5, Семейдегі Курчатов, Ақтөбедегі Жарқамыс, мұнай және басқа да пайдалы қазбаларды игерудегі пайда болатын улы, мутагенді заттардың молекулаларымен уланып, ауырып келген науқастарды да емдеп, тазартуда.
Жанарыс Жақсылықұлы Еңсепов 1991 жылдан бастап, бойындағы қасиетті білімінің арқасында қазақстандықтарды ғана емес, шетелдерден келгендердің өмірлерін аман алып, денсаулықтарын нығайтуға көмегін беріп келеді. Алыс-жақын жерлерден емделуге келген жандардың арасында Ресей, АҚШ, Норвегия, Испания, Еуропа,Түркиядан келушілер өте көп.
Емделушілер мен дәрігерлердің емге дейінгі және емнен кейінгі диагноздары жүйелі түрде жіктелініп, емшінің жеке мұрағатында сақталады. Мұрағатты науқас тарихы сақталатын орын деп айту жеткіліксіз, мұнда зиянды әдеттерден арылған адамдардың алғысы, дене мүшелеріне туа біткен ақауларынан жазылғандар, әу баста диагноздары расталмай, Жанарыс ата көмегімен белгісіз ауыр дерттен жазылғандар шежіресі деп айтуға тұрарлық. Тіпті дәріге, зиянды заттарға, өтірік сөйлеуге тәуелділіктен арылғандар, мінез аномалияларынан емделгендердің «дерт мұрағаты» да сақталған. Қазіргі таңда науқастар дертіне шипа табатын шаңырақты халық «Мектеп ата үйі», оған қоса «Денсаулық мектебі» деп те атайды. Жанарыс ата туралы жан-жақты хабардар болғысы келген жандарға ақын Шөмішбай Сариевтің Жанарыс Жақсылықұлымен сыр-сұхбатын оқуды ұсынар едім.
Менің Жанарыс атаға барған сапарым бойымдағы сколиоз, бүйрек дертінен, түйінді зоб (узловой зоб) ауруынан айықтырып қана қоймай, жеке басымдағы болған қиындықтан арылтып, бойымдағы қарым-қабілетімнің жан-жақты өрістеуіне жол ашты. Өткен жылы анамды артроз бен артрит дертінен емдеп берді. Жанарыс атаның батасын алғаннан кейін отбасыма береке мен ырзық-несібе орнықты. Сондықтан халқының ықыласына бөленіп, ел-жұртының сауабын алып жүрген Жанарыс Жақсылықұлына, яғни Мектеп атаға өз тарапымнан алғысымды білдіргім келеді.
Қадірменді Жанарыс ата!
Сіздей айбынды батырды өмірге әкелген аруақты, текті ата-бабалардың тікелей ұрпағы, намысын қолына ту етіп түсірмей өткен әкеңізге және батыр туған анаңызға шексіз алғысымды білдіремін! Жанарыс Жақсылықұлы, Сізге ерекше күш-қуат беріп, халқымыз әрқашан қолдай білсін! Ел мақтанышы болып биіктен көріне беріңіз!
Нұргүл ШЫҢҒЫСҚЫЗЫ