• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Желтоқсан, 2018

Шаршы алаңға 2 ақпанда шығады

399 рет
көрсетілді

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өзінің келесі жекпе-жегін 2019 жылдың 2 ақпанында АҚШ-тың Техас штатындағы Фриско қаласында өткізеді. Ал оның нақты кім­мен жұдырықтасатыны әзірше белгісіз. 

АҚШ-тағы әйгілі промоутер Боб Арум жетекшілік ететін Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған отан­дасымыз бүгінге дейін мұхиттың арғы бетінде екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Алғаш тәжірибелі Карлос Гальванды (Колумбия) жеңсе, қазірше соңғы жекпе-жегінде Алек­сандр Воннан (АҚШ) басым түсті. 2 ақ­панда өтетін кездесу Әлімханұлы үшін АҚШ-тағы үшінші айқас болмақ. 

Айта кетейік, әуесқой бокстағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та жекпе-жек өткізбей тұрып, елімізде екі кез­десу өткізген болатын. Оның біреуін тех­никалық нокаутпен жеңсе, біреуінде ұпай саны бойынша қарсыласынан басым түскен. Осылайша, Жәнібек кәсіпқой бокста 4 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Әлемдік рейтингте 110-орында келеді.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»