• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Желтоқсан, 2018

Бақыт Сұлтанов «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

480 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» КММ ақыл-ойында ауытқуы бар 273 астаналыққа әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. «Балаларға терең және жан-жақты білім алу керек. Біз бұндай орталықтарды қолдаймыз. Себебі мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда өз орындарын тапқаны өте маңызды, олар әлеуметтік бейімделуі тиіс. Осы бағытта «Нұрлы жүрек» орталығы жұмысын дұрыс атқаруда», деді Бақыт Сұлтанов.

Орталықта балаларды сауықтыруға барлық жағдай жасалған. Мұнда сенсорлық бөлме, монтессори әдісінің арнайы кабинеті, физиокабинет (ЛФК), логопед, психолог, дефектолог кабинеттері, әлеуметтік – тұрмыстық бейімдеу бөлмесі, лекотека, кітапхана, арт-терапия кабинет, музыкалық зал, тігін, ұста шеберханасы, қысқы бақ, ойын, спорт алаңы, дене шынықтыру залы, спорт алаңы бар. Орталық мамандары сегіз түрлі әлеуметтік қызмет түрін көрсетеді. Атап айтқанда, медициналық, тұрмыстық, психологиялық, педагогикалық, экономикалық, құқықтық, мәдени қызметтер, еңбек қызметі.

Осы жылдың қаңтар айында жасөспірімдер мен жастар корпусы ашылды, ондағы маңызды міндет жұмысқа орналастыру бағытында оқыту. «Бұрын біз балаларды үш жастан 18 жасқа дейін қабылдайтын едік, биылдан бастап 29 жасқа дейінгі түрлі диагнозы бар жастарға да қызмет көрсетеміз.  Бізде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 134 бала бар. Олар күтімге, қызметтерді алуға әрдайым мұқтаж. Білім беру бағдарламаларынан бөлек, біз балаларымызды өзіне-өзі қызмет ету, өзіне күтім жасау дағдыларына, қоршаған ортада дұрыс бағыт алу, айналасындағы адамдар мен дұрыс қарым қатынас жасауды үйретеміз. Сондай-ақ, балалар есейген сайын оларды еңбекке машықтандырамыз», - деді орталық директоры Серік Бөпежанов. Орталықтың тәрбиеленушілері спорт орталықтарына, мәдени іс-шараларға, цирк, кинотеатрларға, ойын-сауық орталықтарына, концерттерге барады. «Мен біздің орталық қызметкерлеріне және әкімге алғысымды айтқым келеді.

Біздің балаларымыз 18 жастан кейін де далада қалмайтынына ризамын. Бұл ата-аналарға көрсетілетін өте үлкен қолдау, көмек. Міне, осы жылы 18-29 жас аралығындағы ересектерге арналған корпус ашылды. Менің балам жеті жасынан осы орталыққа келеді. Ол 18 –ге толғанда Не істейміз? сұрақ мазалады. Қазір менің қызымды сурет салуға, тігуге үйретіп жатыр. Бізге осы орталықтың әр қызметкері туысымыздай болып кетті», - деп білдірді өз алғысын «Нұрлы жүрек» орталығында тәрбие алып жатқан баланың ата-анасы. Бүгін «Инватакси» ауқымды әлеуметтік жобасының шеңберінде «Халық» қайырымдылық қоры мен Қазақстан Халық банкінің атынан «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды тасымалдауға мүмкіндік беретін арнайы көліктің кілті табыс етілді.