• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Желтоқсан, 2018

Елбасы: Ендігі кезекте кәсіпорындардың санына емес, сапасына мән беріледі

377 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жыл бойы болған басты оқиғаларға тоқталып, қорытындылады. 

Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнеске байланысты шаралардың алдағы уақытта да белсенді жалғасатынын айтты. 

«Осыдан 7 жыл бұрынғы бастама бұдан да ертерек басталуы керек еді, бірақ индустрияландыру саясатын жүргізу үшін қаржы жинап алу керек болды. Барлығы индустрияландыру, жаңа технология деп жатады, дегенмен оны жүзеге асыру тек мемлекетте ақша болған жағдайда ғана мүмкін болады, цифрландыру да, жасанды интеллект те солай. Сондықтан қорда ақша жинап алған соң біз оны бірден баламалы екінші экономика құруға жұмсадық. Алдыңғы жылға дейін мың кәсіпорын, ал осы жылы жүз кәсіпорын пайда болды, олардың бәрі бүгінде жұмыс жасап жатыр және арасында шағын кәсіпорын да, үлкен кәсіпорын да бар» - деді Елбасы.

Сонымен қатар ендігі кезекте бәсекеге қабілетті сапалы кәсіпорындардың санын көбейту керек екенін баса айтты.

«Бізге қырық мың адам жұмыс жасайтын үлкен комбинаттардың қажеті жоқ. Бізге орта және шағын кәсіпорындар керек, егер онда 50 адам жұмыс жасаса, бұл – өте жақсы нәрсе. Сондықтан біз бұл жұмысты әрі қарай белсенді түрде жалғастырамыз. Бірақ жұмыстың сапасы өзгеретін болады, бұрында кәсіпорындардың неғұрлым көп болғанын жөн көретінбіз. Ал енді бізде бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, экспорттауға жұмыс жасайтын сапалы кәсіпорындар болуы керек» - деді Нұрсұлтан Назарбаев.