• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2018

Қостанай облысында 14 адам аяздан құтқарылды

364 рет
көрсетілді

Олар Қостанайдан Петропавловск қаласына автобуспен бара жатқан автобус жолаушылары болатын. Олардың ішінде үш бала бар. Бұл жөнінде Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қостанай-Петропавловск» бағытындағы жолаушылар автобусы ауа райының қолайсыздығына орай, «Қостанай-Мамлютка» жолының кенет жабылуына байланысты Ұзынкөл поселкесінің тұсында тоқтап қалған. Далада түнгі аяз 35 градус болатын.

«Жел өңменіңнен өтіп кетеді. Автобустың іші минут сайын суый бастады. Жүргізуші болғандықтан жолаушылар алдындағы жауапкершілікті де сезінесің, құтқарушыларға телефон шалдым» дейді автобус жүргізушісі Геннадий Сезухин. Ұзынкөл аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жанболат Омаровтың басшылығымен қызметкерлер келіп, жолаушыларды жылы бөлмеге алып барады. Оларға шай беріп, жылытып, қобалжыған көңілін басады.

–Құтқарушыларға өте риза болдым. Өзім жүргізуші болған 20 жыл ішінде осындай ауыр жағдайға бірінші рет душар болдым және құтқарушылар тарапынан адамдарға деген жылы қарым-қатынасты көріп, оларға деген жолаушылардың алғысына да куә болдым, - дейді Геннадий.

Құтқарушылар автобустың жарамдылығын әбден тексеріп, Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жанболат Омаровтың өзі бастап, автобусты Меңдіғара ауданының орталығына дейін апарып салды. Автобус ішіндегі 14 адам ешқандай зардап шеккен жоқ.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай