• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қаңтар, 2019

Нэнси Пелоси АҚШ өкілдері палатасының спикері болып сайланды

655 рет
көрсетілді

Калифорния штатының Конгрессмені, Трамп әкімшілігінің сыншысы және демократиялық партиясының ардагері Нэнси Пелоси тағы да АҚШ конгресі өкілдері палатасының спикері болып сайланды. Бұл қызмет Президент пен вице-президенттен кейін Вашингтондағы маңызды үшінші қызмет қатарына кіреді.

Оның кандидатурасын 431 конгрессменнің 220-сы қолдады, тағы 192-і республикалық Кевин Маккарти үшін дауыс берді, қалғандары басқа кандидаттарға қолдау көрсетті.

Пелоси қараша айындағы аралық сайлауда жеңіске жеткен демократтар бақылауға алған жаңартылған өкілдер палатасының төрағасы болады. Сайлау қорытындысы бойынша, өкілдер палатасында 235 демократ және 199 республикалық бар. Өткен құрамда республикашыларда 240 орын, ал демократияларда 195 орын болған.

2007 жылдың 4 қаңтарында Пелоси алғаш рет Конгрестің төменгі палатасының спикері болып сайланды.