• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

885 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті қабылдады. А.Есімов Мемлекет басшысын Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен “Жаңа он­жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақ­стан­ның жаңа мүмкіндіктері” атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын мін­деттерді іске асыру жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етті. Кездесу кезінде қысқы VІІ Азия ойындарына дайындық жұмыстарының барысы туралы сөз болды. *  *  * Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Альберт Рауды қабылдады. А.Рау Президентті 2009 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы хабардар етті. Әңгімелесу барысында сондай-ақ Астананың төңірегінде азық-түлік белдеуін құру және Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы сөз болды. – Екі жылдан кейін біз негізгі азық-түлік өнімдеріне деген елорда және облыс тұрғындарының сұранысын толық қанағаттандыра алатын боламыз. Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту аясында биылғы жылы Көкшетау қаласының әуежайын қайта құрылымдау, Щучье-Бурабай курорттық аймағында көліктік және табиғат қорғау инфрақұрылымдарын жаңғырту жұмыстары басталады. Президент Бурабай ауданында арнайы экономикалық аймақты дамыту туралы нақты тапсырма берді, – деді кездесуден кейін А.Рау. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады. А.Мырзахметов Президентті 2009 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерге сәйкес өңірді дамыту жоспарларынан хабардар етті. Мемлекет басшысы өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұл – халқы тығыз орналасқан біздің өңір үшін өте өзекті мәселе, – деп атап өтті журналистерге арналған брифингте облыс әкімі. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.