• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Өнер 15 Қаңтар, 2019

«Ұлы дала сазы» ұлттық жобасы

1071 рет
көрсетілді

Ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан дәстүрлі ән өнері түрленген жаңаша форматта көрерменге жол тартты. Жиыны 17 концерттен құралған музыкалық жобаның мақсаты – дәстүрлі өнердің қаймағы саналатын ән қазынасымен тыңдарманды етене қауыштыру.

«Ұлы дала сазы» атты жо­баның таныстырылы­мы­на «Қа­зақстан» телерадио­кор­по­ра­циясының бас­­қарма төр­ағасы Ерлан Қарин, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­рат­керлері термеші Айгүл Елші­баева, әнші Ерлан Рысқали, күй­ші Жанғали Жүзбай қатысты.

«Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлт­тық құндылықтарды заманауи тұрғыда дәріптеу мәселесі көте­рілді. Біздің мақсатымыз – Елбасы мақаласындағы көтерілген идея­ларды жүзеге асыру. Осы тұр­ғыда ұлттық арна төл өнерді жа­ңаша насихаттау мақсатында телевизиялық жобаны іске асырды. Аталған жобаның мақсаты – дәстүрлі музыканы ұлықтаумен қатар, осы салада жүрген өнер­паз­дардың басын қосу. Кон­церт­те бүгінде ұмытылып бара жат­қан халық әндері мен қа­зақ ком­позиторларының шы­­ғар­­ма­лары орындалады», деді «Қазақстан» телерадио­кор­пора­ция­сының бас­­қарма төр­ағасы Ерлан Қ­арин ОКҚ-да өткен бас­пасөз мәс­ли­хатында.

Музыкалық жоба ұлттық арна эфирінен 13 қаңтардан бастап аптасына бір рет көрсетіледі. Түсірілім жұмыстары 2018 жыл­дың қараша айында бас­талған жобаға тоқсаннан астам өнер­паз қатысқан. Олардың арасын­да Секен Тұрысбеков, Қажы­бек Бекбосынов, Рамазан Стам­ғазиев, Сәуле Жанпейісова сынды өнер майталмандары бар. Бұл ретте әнші Ерлан Рысқали аталған жобаның ұлт руханиятына берері мол бағдарлама екенін атап өтті. Қа­зақтың келешегі шері мен шаттығын қақ бөліскен қа­ра домбырасының шанағына бай­ланған. Біздің кіндігіміз осыдан үзілмеуі керек. Әлемді аралап жүрген өнерпаз ретінде мен өнер шекара, ұлт, жас тал­ғамайтынын сеніммен айта аламын», деді әнші Ерлан Рыс­­­қали. Ең бастысы жоба ба­ры­сында жазып алынған 177 шы­­ғарма «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Алтын қорына» енетін болады.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»