28 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйін және оны әрі қарай дамыту перспективаларын, сондай-ақ, Қазақстан, Ресей және Беларусь Кедендік одағын ұйымдастырудың кейбір мәселелерін талқылады.
Әңгіме барысында осы жылғы 3 наурызда Мәскеуде Қазақстан Премьер-Министрі К.Мәсімов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.Путиннің жұмыс кездесуін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.