• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Бокс 17 Қаңтар, 2019

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Сербиядағы турнирді сәтті бастады

417 рет
көрсетілді

Сербияда әйелдер боксынан «Ұлттар кубогі» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Olympic.kz қазақстандық боксшылардың нәтижесін назарларыңызға ұсынады. 

Айзада Еслямғали ресейлік Галиуса Галиеваны 3:2 есебімен жеңді. Жансая Әбдірайымова тағы бір ресейлік спортшы Анна Поскребышевадан басым түсті.

Әлем чемпионы Назым Қызайбай франциялық Дельфин Мансиниді 3:0 есебімен ұтса, Дина Жоламан хорватиялық Татьяна Кошакты айқын басымдықпен жеңді.

Сәния Сұлтанқызы Македония өкілі Тамара Радуновичті 5:0 есебімен жеңсе, Әлия Әбдірайымова ринг қожайыны Николина Гаичтен басым түсті. 

Қазақстан құрамасының қос өкілі Баян Ақбаева мен Ләйла Құсайынованың кездесуі Баянның жеңісімен аяқталды. 

Ал Әйгерім Қасенаева, Айжан Мәдібек, Балауса Мұздимандар қарсыластарына жол беріп, жеңіліс тапты.