• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қаңтар, 2019

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

498 рет
көрсетілді

Өрт сөндіруге 5 техника бірлігі мен 19 қызметкер жұмылдырылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Отқа оранған үйлердің бірі Күйші Дина көшесінде орналасқан. 

«17 қаңтарда сағат 22:16-да Өрт сөндіру қызметінің орталық «101» байланыс пунктіне Күйші Дина көшесіндегі үйлердің бірінде өрттің шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 5 минуттан кейін оқиға орнына жеткен Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері 5 қабатты тұрғын үйде ас үй жиһазы, тұрмыстық техника және төбені әрлеу бөлшектерінің жанып жатқандығын анықтады», - деп мәлімдеді Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Кіре беріс қатты түтіндегендіктен адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және барлау жұмыстарын жүргізу үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны ұйымдастырылды.

Жанып жатқан пәтерден және көрші пәтерлерден ересектер мен балаларды сыртқа шығару шаралары жүргізілді. Өрт сөндіру кезінде 6 адам құтқарылды. Құтқарылғандардың екеуі – бала. Өрт сағат 12:38-де ауыздықталып, сағат 22:41-де толықтай өшірілді.

Тұншықтырғыш газдан уланған 46 жасар ер адам №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Астана қаласы ТЖД хабарлауынша, өрт тұрмыстық құралдардағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан шыққан. Өртті сөндіруге барлығы 5 техника бірлігі мен 19 қызметкер жұмылдырылды.