• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 20 Қаңтар, 2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

1099 рет
көрсетілді

2018 жылдың 11 айында Ұлыбританиямен екі жақты сауданың көлемі 1,1 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстаннан экспорт 0,7 млрд. долларға, ал Ұлыбританиядан импорт 0,4 млрд. долларға жетті.

2005-2018 жылдар кезеңінде Ұлыбританияның Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 12,8 АҚШ млрд. долларын құрады.

Ұлыбритания Қазақстандағы үздік 5 шетелдік инвесторлардың тізіміне кіруде. Негізгі инвестициялық салалар қатарында мұнай-газ, түсті металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері.

Қазақстанда британдық капиталы бар 670 компания жұмыс істейді. Соңғы жылдары Ernst & Young, Rolls Royce, Rio Tinto, BAE Systems, AstraZeneca, GlaxoSmithKline, PwC, KPMG, Wood Group, Уильям Хэйр, WorleyParsons, Petrofac, Baker & McKenzie, Norton Rose Fulbright, White & Case, Reed Smith, Michael Wilson & Partners, Dentons, Dechert, Morgan Lewis Қазақстанда табысты жұмыс атқаруда.