• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қаңтар, 2019

Жазқазғандықтар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

323 рет
көрсетілді

 

Жезқазған қаласы мен оның маңындағы Талап және Пристанционный елді мекендерінің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Мұндағы су тарату жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы бойынша іске асты.

Металлургтер қаласында былтыр су құбыры жүйесінің 5 жаңа нысаны салынды. Қалған төртеуі күрделі жөндеу өтіп, екеуі бөлшектендірілген болатын. Жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен 12 миллион теңге бөлінді.

Талап ауылында суды үйлерге тарту үшін үш сорғы орнатылып, заманауи модульді сорғыш стансасы салынды және 12 құдық қазылды. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері жөндеу көрмеген 15 шақырым су жүйесі жөнге келтірілді. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 223 миллион теңге жұмсалды.

Пристанционный елді мекенінде барлық жер үйлер орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосылды.

Аталған жобаны іске асырған мердігер компания атқарған жұмыстарына үш жылдық кепілдеме берді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы